Тилеубаева Сауле Серикбаевна » «Абзал» бөбекжай-балабақшасы»
«Абзал» бөбекжай-балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:170840005121
Қабылдау бөлімі:
+7(705) 485-49-66
"Әдіскер:
+7(705) 485-49-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тилеубаева Сауле Серикбаевна
25
маусым
2026

Тилеубаева Сауле Серикбаевна

Тилеубаева Сауле  Серикбаевна   

1966  жылы  28  қарашада  туылған.

1991  жылдың   маусым  айында  Алматы  халық  шаруашылық  институттының  бухгалтерлік  есеп  және  шаруашылық  жұмысын  талдау  мамандығы  бойынша  аяқтап, сол  жылы  коммунизм  совхозында    есепші  болып  еңбек  жолын  бастадым.

1996  жылы  М.Горький  мектебіне  бас  есепші  болып  ауыстырылдым.

2011  жылдың  сәуір  айында Шымкент  университетінің  информатика  мамандығы  бойынша  оқуды  аяқтап,2013  жылы  Елшібек  батыр  мектебіне  информатика  пән  мүғалімі  болып, 2017  жылы  “Абзал”  бөбекжай  балабақшасына  әдіскер  болып  ауыстым.

2019  жылдың  шілде  айында   Шымкент  университетінің педагог-психология  мамандығын  бітіріп, 2026  жылдың  5-ші  қаңтарынан  меңгеруші  міндетін  атқарып   келемін.

        2019  жылы  Қазығұрт  ауданының-  “Тәуелсіз  еліміздің  өсіп  өркендеуі  мен  ауданымыздың  әлеуметтік  экономикалық  және  мәдени   дамуына  қосқан  сүбелі   үлесіңіз  үшін  Алғыс хат”. 
2020  жылы  Түркістан  облысы  Нұр  Отан  партиясы “Қиындықты  ізгілік  пен  еңбек  жеңеді  деген  ұстаныммен  елге   қызмет   етіп   жүргеніңіз  үшін     Алғыс  хаты”.  
2020 жылы  Қазығұрт  ауданы “16  желтоқсан  Қ.Р   Тәуелсіздік  күні  мерекесіне   орай,жасөспірімдерге  сапалы  білім,саналы  тәрбие   берудегі  көпжылдық  еңбектеріңіз  үшін  Алғыс  хат”.
2020  жылы  Қазығұрт ауданының  Бөлім  басшысы  “Еліміздің  жас  ұрпағын  оқыту  мен  тәрбиелеу  жұмыстарын  ұйымдастыру  Алғыс  хаты”.  
2021 жылы Тәуелсіздігінің  30  жылдығына  Алғыс  хат.
2021  жылы  Қазығұрт  аудандық  адами  әлеуетті  дамыту  бөлімінің  басшысы“ Егеменді еліміздің  игілігі  үшін  атқарған  істері үшін  Алғыс  хат”.
2021  жылы  Нұр  Отан партиясының Төрағаның  бірінші  орынбасары “22-наурыз мерекесі  қарсаңында  тәуелсіз   Қазақстанның   өркендеуіне  үлес  қосқаны  үшін  Алғыс  хат”. 
2022 жылы  Қазығұрт  аудан   әкімдігі “Ауданымыздың  білім   саласында  ізгі  мақсатта  атқарған  игілікті  істеріңіз  үшін  Алғыс   хат”.
2022 жылы  Қазығұрт  аудандық  адами  әлеуетті  дамыту  бөлімінің  басшысы“ 8-ші  наурыз  Халықаралық  әйелдер  күнімен  Оқу-тәрбие,ғылым  саласындағы  жоғары  жетістіктеріңіз  бен  қоғамдық  жұмыстарды  белсене  атқарғаны  үшін  Алғыс  хат”. 
2022 жылы  Аудандық  мәслихат  депутаттары  атынан “8-ші наурыз  -Халықаралық   әйелдер  күнімен,саяси  мәселелерге  белсене  араласатын  қоғам  мүшесі  үшін  Алғыс  хат”.
2025  жылы  Қазығұрт   аудандық   мәслихат   төрағасы  “ 8-ші наурыз-Халықаралық  әйелдер  күнімен,Бүлдіршіндерімізді   тәрбиелеудегі  көп жылғы  жемісті  еңбегіңіз  үшін  Алғыс  хат”.
2025  жылғы  Республикалық  ғылыми-әдістемелік  және  педагогикалық  біліктілікті  арттыру  орталығының  “Құрмет  Грамотасымен”  марапатталдым.
Отбасылымын: үш  ұл,бір  қыз  тәрбиелеп  өсірдім. Аяулы  ана,ардақты  әжемін.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив